AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

28.08.2026
Санаты: Басты, Саясат
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы Астанада ашылды

ADYM.KZ / Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өз жұмысын бастады.

Жаңа Құрылтайдың құрамы 2026 жылғы 23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша жасақталды. Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдерді санау нәтижесінде саяси партиялардың алған дауысын жариялаған болатын.

Сайлау қорытындысына сәйкес, «Әділет» партиясы 6 528 948 дауыс немесе 71,17 пайыз жинады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны 469 058 сайлаушы немесе 5,11 пайыз қолдады.

Сондай-ақ «Ауыл» партиясы 574 621 дауысқа немесе 6,26 пайызға, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 478 083 дауысқа немесе 5,21 пайызға, ал Respublica партиясы 509 631 дауысқа немесе 5,56 пайызға ие болды.

Сайлау заңнамасына сәйкес сайлаушылардың бес және одан да көп пайыз даусын жинаған бес саяси партия Құрылтай құрамына өтті. Нәтижесінде 145 депутаттық мандат төмендегідей бөлінді:

  • «Әділет» партиясы — 110 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
  • «Ауыл» партиясы — 10 мандат;
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
  • Respublica партиясы — 9 мандат.

Осылайша, Қазақстанның бір палаталы жаңа Парламенті — Құрылтайдың депутаттық корпусы толық жасақталып, бүгін оның бірінші сессиясы ресми түрде ашылды.

Бұған дейін барлық бес саяси партия өздеріне тиесілі депутаттық мандаттарды иеленген кандидаттардың тізімін жариялаған болатын. Ал 27 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың сайланған 145 депутатын ресми түрде тіркеп, оларға депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

Құрылтайдың бірінші сессиясында жаңа депутаттық корпустың алдағы жұмыс тәртібі айқындалып, заң шығарушы органның қызметін ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер қаралады.

Ілмек: АстанаБірінші сессияҚазақстан Республикасы ҚұрылтайыПрезидент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Авторлық құқық цифрланады: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Ұсынамыз

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы 15 шілдеде іске қосылады

08.07.2026
Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Кибермәдениет – қауіпсіздіктің негізі: Шымкент мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

17.09.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.