AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады

27.08.2026
Санаты: Басты, Саясат
«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын 110 депутаттың тізімін жариялады

ADYM.KZ / «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөліп, бір палаталы Парламентке баратын 110 кандидаттың тізімін бекітті.

Тиісті шешім Астанада партия төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен өткен «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында қабылданды.

Отырыста Бюро сайлау қорытындысы бойынша партияға тиесілі болған депутаттық мандаттарды кандидаттар арасында бөліп, Құрылтайдың бірінші шақырылымына депутат болып сайланатын 110 азаматтың тізімін бекітті.

Партияның тиісті шешімі мен бекітілген тізімі депутаттарды ресми тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Жаңа құрамның үштен бірі – әйелдер

Бекітілген тізімдегі депутаттардың 37-сі әйелдер. Бұл жалпы құрамның 33,6 пайызын құрайды.

Сондай-ақ Құрылтайға баратын депутаттардың 13-і жастар санатында, яғни жалпы құрамның 11,8 пайызы. Тізімге мүгедектігі бар екі азамат енгізілген.

Депутаттардың 21-і немесе 19 пайызы – этностық топтардың өкілдері. Ал жаңа құрамның орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Партия мәліметінше, депутаттық корпусқа қоғамның түрлі саласында тәжірибесі бар азаматтар енгізілген.

Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 бұрынғы депутаты және Сенаттың төрт бұрынғы депутаты бар. Жалпы алғанда, Парламентте депутаттық қызмет атқарған тәжірибесі бар 24 азамат партиялық тізім арқылы Құрылтай құрамына енді.

Сонымен қатар жаңа депутаттардың 10-ы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, төртеуі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында болған. Бесеуі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болса, 26 азамат әр жылдары мәслихат депутаты болып сайланған.

Экологтар, IT мамандары және волонтерлер де бар

Жаңа депутаттық құрам әртүрлі саланың өкілдерінен жасақталған.

Тізімде үш эколог, волонтерлік қозғалыстың екі өкілі және IT саласының төрт маманы бар. Партия бұл құрамның мемлекеттік басқару, заң шығару, қоғамдық қызмет, кәсіпкерлік және басқа да салалардағы тәжірибені біріктіретінін атап өтті.

Құрылтайға «Әділет» партиясы атынан баратын депутаттардың қатарында Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжанов, Динара Зәкиева, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров, Екатерина Смышляева, Нұрлан Бекназаров, Наталья Годунова және басқа да қоғам мен саясат саласында тәжірибесі бар азаматтар бар.

Партияның Саяси кеңесі Бюросы отырыста «Әділет» партиясының Құрылтайдағы депутаттық фракциясы туралы ережені де бекітті.

«Әділет» Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ын иеленді

Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17 пайыз дауысын жинап, Құрылтайдағы 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді.

Партияны 6,5 миллионнан астам қазақстандық қолдағаны хабарланды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, сайлау нәтижесі азаматтардың партияға және елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар бағытына білдірген сенімін көрсетеді.

Ендігі басты міндет – сайлаушылардың сенімін нақты істермен ақтап, Құрылтайдағы депутаттық фракцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

«Әділет» партиясы атынан Құрылтайдың бірінші шақырылымына сайланған депутаттардың толық тізімі:

  1. Авершин Константин Викторович
  2. Адаев Ербол Дәненұлы
  3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
  4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
  5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
  6. Алтай Абай
  7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
  8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
  9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
  10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
  11. Амантайұлы Жарқынбек
  12. Әбдікешов Алмат
  13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
  14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
  15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
  16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
  17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
  18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
  19. Басин Вадим Борисович
  20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
  21. Башымов Марат Советұлы
  22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
  23. Беркімбаев Берік Серікұлы
  24. Больгерт Евгений Андреевич
  25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
  26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
  27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
  28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
  29. Бақытбекұлы Нұркен
  30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
  31. Годунова Наталья Николаевна
  32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
  33. Данилов Александр Сергеевич
  34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
  35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
  36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
  37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
  38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
  39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
  40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
  41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
  42. Елеусізова Бота Серікқызы
  43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
  44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
  45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
  46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
  47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
  48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
  49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
  50. Зәкиева Динара Болатқызы
  51. Имашева Снежанна Валерьевна
  52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
  53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
  54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
  55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
  56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
  57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
  58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
  59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
  60. Кузиева Замира Закировна
  61. Кучинская Юлия Владимировна
  62. Қамзабекұлы Дихан
  63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
  64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
  65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
  66. Перепечина Ольга Валентиновна
  67. Петров Константин Викторович
  68. Пономарёв Сергей Михайлович
  69. Пулатов Шерзод Аббозович
  70. Рамазанова Наталья Сергеевна
  71. Рожин Максим Николаевич
  72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
  73. Савельева Татьяна Михайловна
  74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
  75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
  76. Смышляева Екатерина Васильевна
  77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
  78. Сулаймонова Русана Русланқызы
  79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
  80. Сағынов Замир Садықұлы
  81. Себасов Марат Бақбергенұлы
  82. Семидоцких Елена Александровна
  83. Темірбаева Айжан Маратқызы
  84. Тен Ирина Сергеевна
  85. Тоқтамұрат Армангүл
  86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
  87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
  88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
  89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
  90. Теренченко Илья Сергеевич
  91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
  92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
  93. Шапақ Үнзила
  94. Шаталов Никита Сергеевич
  95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
  96. Щербаков Станислав Александрович
  97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
  98. Мұсылманбек Ерқанат
  99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
  100. Медеуова Дана Теміртайқызы
  101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
  102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
  103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
  104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
  105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
  106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
  107. Халықов Арман Қобыландыұлы
  108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
  109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
  110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтайға өткен өзге саяси партиялар да депутаттық мандат алған кандидаттарының тізімін жариялаған болатын. Атап айтқанда, ЖСДП – 8, «Ауыл» партиясы – 10, «Ақ жол» партиясы – 8, ал Respublica партиясы 9 депутаттық мандатқа ие болды.

Ілмек: Әділет партиясыҚұрылтайҚұрылтайы депутаттары
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» алғашқы күндері мен командадағы атмосфера туралы айтты

Ұсынамыз

Мәдениет министрлігі кинопрокатқа қатысты жаңа қағидаларды жариялады

Мәдениет министрлігі кинопрокатқа қатысты жаңа қағидаларды жариялады

17.06.2026
Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде 8 жүлде еншіледі

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының алғашқы күнінде 8 жүлде еншіледі

19.07.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.