AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Конституциялық сот Президенттің өтінішіне ресми түсіндірме берді

07.07.2026
Санаты: Басты, Саясат
Конституциялық сот Президенттің өтінішіне ресми түсіндірме берді

ADYM.KZ / Конституциялық сот Мемлекет басшысының өтініші бойынша 2026 жылғы Конституцияда көзделген бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарға сайлану және тағайындалу тәртібіне қатысты ресми түсіндірме жариялады.

Президенттің өтінішінде 1995 жылғы Конституцияға сәйкес қызметін атқарып келе жатқан Президенттің, Конституциялық сот төрағасының, Жоғарғы сот төрағасының және Бас прокурордың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін аталған қызметтерге қайта сайлануы немесе тағайындалуы мүмкін бе деген мәселе көтерілген.

Конституциялық соттың түсіндіруінше, жаңа Конституцияда белгіленген шектеулер тек 2026 жылғы Конституция мен соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер аясында жүзеге асқан сайлау немесе тағайындау фактілеріне қатысты қолданылады.

Соттың мәліметінше, Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында 1995 жылғы Конституция кезеңіндегі қызмет мерзімдерін немесе сол кездегі сайлану мен тағайындалу фактілерін есепке алу туралы талап көзделмеген.

Осыған байланысты Конституциялық сот 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған лауазымдарды атқарған тұлғалардың 2026 жылғы Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін сол қызметтерге қайта сайлануына немесе тағайындалуына конституциялық-құқықтық кедергі жоқ деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар сот мұндай жағдайда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі сайлану немесе тағайындалу аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану тұрғысынан алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу ретінде есептелетінін атап өтті.

Ілмек: Конституциялық сотПрезидент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Автор: adym
22.09.2026
0

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақордаға сілтеме жасап. Бірінші Жарлықпен Қазақстан...

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Автор: adym
19.09.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Астанадағы Президент саябағының аумағына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты Ақорданың баспасөз...

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады. Өнеркәсіп, энергетика, критикалық минералдар, көлік-логистика, жасанды интеллект және жаңа технологиялар...

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігі жаңа жобалармен толықтырылады

Автор: adym
16.09.2026
0

ADYM.KZ / Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ел Президенті Ли Чжэ Мёңмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту, инвестициялық жобаларды...

Келесі
Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа моделін әзірлеу жұмысы басталды

Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа моделін әзірлеу жұмысы басталды

Ұсынамыз

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

«Ресурс – технология – өнеркәсіп»: Қазақстан мен Корея ынтымақтастығының жаңа бағыты

16.09.2026

Anthropic Launches Claude AI With Enhanced Computer Control

03.04.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.