ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ САЙЫСҚА ТҮСТІ

"Шымкент қаласында Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында дәстүрлі спартакиада ойындары ұйымдастырылды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1791

Өткен демалыс күндері Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері өз араларында спорттық сайыстардан кімнің мықты екендігін анықтады.
Спорттық сынға қала әкімі аппараты, 4 аудан әкімдігі және қалалық мәслихаттан барлығы 11 команда өтініш беріп, жалпы  300-ге жуық адам спорттық бәсекеге қатысты.
Аса тартысты өткен волейбол сайысында қалалық мәслихаттың «Бірлік» командасы жеңімпаз атанса, кіші футбол турнирінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясының «Айбын» құрама командасы жеңіске жетті.
Арқан тартуда Қаратау ауданы әкімдігінің «Қаратау» командасы, командалық есепте үстел теннисінен қалалық мәслихаттың «Бірлік» командасы, дойбыдан Еңбекші ауданы әкімдігінің «Еңбекші» командасы, шахматта қала әкімі аппаратының «Орда» командасы жеңіс тұғырынан көрінді.
Жалпы қорытынды есепте «Еңбекші» командасы биылғы спартакиаданың жеңімпазы атанды. «Орда» командасы екінші, «Бірлік»  құрамасы жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Қайрат нұртай марапаттап, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етті.