#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Айбын – 2025»: Қазақстанда халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

22-28 маусым аралығында еліміздің батыс өңірінде Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген мыңнан астам жасөспірімнің басын қосқан XI халықаралық әскери-патриоттық «Айбын – 2025» жастар жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты салалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото министрлік сайтынан алынды.

Іс-шараға Қытай Халық Республикасының делегациясы да байқаушы ретінде қатысуда.

Биылғы жиын дәстүрлі түрде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Айбын» оқу орталығының базасында өтіп жатыр. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар, әскери басшылық, халықаралық делегациялар және қатысушылар бас қосты.

Жиынға қатысушылар үшін оқу орталығы аумағында арнайы шатырлы қалашық құрылды. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым – тұрғылықты жерлер, медициналық пункт, асхана, гигиеналық аймақтар толық дайындалған. Сондай-ақ: Жаңа воркаут-кеңістіктер, жүгіру жолы бар футбол алаңы, волейбол мен баскетбол алаңдары салынды.

Жас армияшылар үшін бұл лагерь – тек жарыс алаңы ғана емес, нағыз далалық өмірді сезініп, әскери ортаға бейімделу мүмкіндігі де.

Байқау бағдарламасы – жан-жақты әрі мазмұнды

«Айбын» жиыны – Қорғаныс министрлігі ұйымдастыратын ірі халықаралық әскери-патриоттық жоба. Ол жыл сайын жасөспірімдердің елжандылық сезімін арттыру, оларды Отан қорғауға дайындау және халықаралық достық байланыстарды нығайту мақсатында өткізіледі.

Бағдарлама аясында қатысушылар: Әскери-қолданбалы жарыстарға, Зияткерлік сайыстарға, Шығармашылық конкурстарға, «Smart Sarbaz» робототехника жарысына қатысады.

Сонымен қатар жастар үшін бірлескен жорықтар, экскурсиялар, әскери техника көрмелері, алауда бас қосу кештері және патриоттық бағыттағы тренингтер қарастырылған.

Ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды алаң

«Айбын» жиыны – бұл тек жарыс емес, жасөспірімдердің рухани дамуы мен азаматтық қалыптасуының алаңы. Мұнда олар патриоттық тәрбие алып, командамен жұмыс істеуді, көшбасшылықты, жауапкершілікті үйренеді.

Жиынға әскери-патриоттық клубтардың мүшелері мен кадет сыныптарының оқушылары қатысуда. Олар өздерінің мектептер мен клубтарда алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік алады.

2025 жылғы «Айбын» жиыны – жаңа форматтағы, мазмұны терең халықаралық оқиға. Жастар арасындағы достық, әскери білім мен тәртіп, озық технологиялар және бірегей далалық тәжірибе – осының барлығы жиынның басты құндылықтары.

Отанға адал, білімді, дені сау, мақсаткер ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бұл бастама алдағы жылдары да өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар