#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Бас штаб бастығы Алматы, Қонаев және Тараз гарнизондарының жұмысымен танысты

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов өңірлердегі әскери инфрақұрылымды тексеріп, жеке құраммен кездесті, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты салалық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото министрлік сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрлігінің қызмет бағытына сай бірқатар өңірлерге жұмыс сапарымен барып, әскери нысандардың жай-күйін тексеріп, жеке құраммен кездесті. Сапардың басты мақсаты – Қарулы күштердің әскери-инфрақұрылымдық даму барысын бағалау, оқу-жауынгерлік үдерісті бақылау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерімен танысу.

«Әли» оқу орталығында түлектермен кездесу

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығына барған Бас штаб бастығы түлектердің қорытынды аттестаттау барысын бақылады. Курсанттармен және оқытушылар құрамымен әңгімелесу барысында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов:

– Қазіргі қауіп-қатерлер мен технологиялық даму қарқынына сай Қарулы күштерімізге заманауи технологияларды меңгерген, кәсіби әрі жан-жақты дайындалған офицерлер қажет. Бұл – еліміздің қорғаныс қабілетінің басты кепілі, – деп атап өтті.

Сонымен қатар Бас штаб бастығы инженерлік әскерлер мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс (РХБҚ) кафедрасының жағдайы мен материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Оқу бағдарламаларын жаңарту, білім беру әдістемелерін жетілдіру қажеттігіне назар аударды.

Әскери құрылыс пен инфрақұрылым – басты назарда

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов сапар барысында Қонаев гарнизонындағы «Жағалау» полигоны мен әскери институттың пәтерлік-пайдалану қызметі қоймасының құрылыс нысандарын аралады. Жобалық-сметалық құжаттамамен танысып, салынып жатқан объектілердің құрылысы мен сапасына баға берді.

– Құрылыс жұмыстары қатаң мерзімде және тиісті стандарттарға сай орындалуы тиіс. Барлық нысандар әскери қызметшілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы қажет, – деп нұсқау берді Бас штаб бастығы.

«Айнабұлақ» зауытының мүмкіндіктері қарастырылды

Алматы облысындағы «Айнабұлақ» жөндеу зауытында болған сапары аясында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және қалпына келтіру барысымен танысты. Сонымен қатар зауыт базасында оқу орталығын орналастыру мүмкіндігі, казармалық-тұрғын үй қорын дайындау және жеке құрамды орналастыру мәселелері де қаралды.

Тараз гарнизоны мен «Айша бибі» полигоны

Сапар Тараз гарнизонында жалғасты. Бас штаб бастығы әскери нысандарда қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. «Айша бибі» оқу полигонындағы оқу-әдістемелік базаның даму деңгейі қаралып, оны заманауи стандарттарға сай жаңғырту қажеттігі атап өтілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бірқатар нақты тапсырмалар мен жаңа міндеттер жүктеді. Атап айтар болсақ, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту; әскери кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру; әскери нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарының бұл сапары – Қарулы күштерді одан әрі дамыту, оқу-жаттығу және инфрақұрылым салаларын жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы. Қазіргі заман талаптарына сай әскер даярлау – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Соңғы жаңалықтар