#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Құтқарушылар Алматы облысында тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Қонаев қаласының биік ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізудің жоспар-кестесін орындау мақсатында, «Sun City» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Тактикалық жоспар бойынша, тоғызыншы қабаттағы 1 бөлмелі пәтерде жалпы ауданы 87,5 м ² шартты өрт шығып, нәтижесінде қатты түтін пайда болды және кіре берісте жоғары температура пайда болды. Адамдардың өміріне қауіп төніп, тұрғын үйдің жоғарғы және төменгі қабаттарына от таралды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды баспалдақ маршымен эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ алтыншы қабаттағы балконнан автосатының көмегімен зардап шеккен екі ададым құтқарды. Адамдарды 32 метр биіктіктен эвакуациялауға арналған «Өмір кубы» орналастырылды.

Тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулерге ерекше назар аударылды. Тәжірибе көрсеткендей, төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындардың дұрыс әрекеттері адамдардың өлімі мен жарақаттануын болдырмауда үлкен маңызға ие.

Оқу-жаттығулардың барлық мақсаттарына қол жеткізілді және биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруді ұйымдастыруда белгілі бір тәжірибе алынды. Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығуда негізгі назар жағдайды бағалауда, шешуші бағытты таңдауда, өрт сөндірудің жедел штабының жұмысында өрт сөндірудің бірінші және кейінгі басшыларының дағдыларын жетілдіруге, биік ғимараттардан көп шоғырланған адамдарды құтқару және эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке құрамның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауына аударылды.

Сонымен қатар, нысанды өртке қарсы сумен жабдықтаудың жарамдылығы тексерілді, оған 2 өрт сөндіру гидранты кіреді, оның ішінде 1 гидрант жарамсыз (ығыстырылған).

ТЖД дұрыс емес жерге қойылған көліктер өрт болған жерге құтқарушылардың жолын кесіп тастауы мүмкін екенін еске салады. Аулада автокөліктерді қою кезінде осыны есте сақтау керек.

Өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге Алматы облысы ТЖД 47 қызметкері және 7 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар