AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Түлектерге болашақ мамандық пен грант таңдау жолдары түсіндірілді

16.10.2026
Санаты: Аймақ
Түлектерге болашақ мамандық пен грант таңдау жолдары түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Кездесу NEET санатындағы жастарды қолдау, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың кәсіби бағдарын айқындау және еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы жоба аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – түлектерге болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесу. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауда жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескерудің, еңбек нарығындағы сұранысты зерделеудің және кәсіби дамуды алдын ала жоспарлаудың маңызы түсіндірілді.

Жиында «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, мектеп бітіруші жастар үшін мамандық таңдаудың жауапты кезең екенін атап өтті. Ол оқушыларды өз мүмкіндіктерін бағалап, білім алуға ұмтылуға, алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында жүйелі жұмыс істеуге шақырды.

Оқушыларға арналған интерактивті ойын мен тренинг ұйымдастырылды. Профориентолог Ақан Сәбитұлы Бесбаев кәсіби бағдар беру бойынша тренинг өткізіп, қатысушыларға өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесті. Тренинг барысында мамандық таңдауда эмоцияға ғана емес, жеке бейімділікке, кәсіби мүмкіндіктерге және болашақтағы даму перспективаларына да назар аудару қажеттігі айтылды. Интерактивті тапсырмалар оқушылардың белсенділігін арттырып, өз болашағы туралы ойлануына мүмкіндік берді.

Білім алу және грант мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кездесуге қатысқан профориентолог, грант-аналитик әрі Gallup сарапшысы Рамазан Нұрланұлы Бексейт білім беру мүмкіндіктері мен гранттар жөнінде мәліметтермен бөлісті. Ол түлектердің жоғары оқу орындары мен білім беру бағыттарын таңдауда қолда бар мүмкіндіктерді зерделеп, алдағы қадамдарын алдын ала жоспарлауының маңызын түсіндірді.

Мұндай кездесулер мектеп бітірушілердің кәсіби таңдау жасауына қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін арттыруға да ықпал етеді. Жастардың қабілетін ерте анықтап, білім мен еңбекке бағыттау – олардың қоғам өміріне белсенді араласуына және тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашатын маңызды қадам.

«Жастар ресурстық орталығы» жастарға қолдау көрсету, кәсіби бағдар беру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Ілмек: Жастаркәсіби бағдарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкент түлектері 9 жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен танысты

Шымкент түлектері 9 жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен танысты

Ұсынамыз

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

Шымкентте нашақорлық пен аитв/житс-тің алдын алуға арналған кездесу өтті

02.10.2026
Шымкент жастары ұлы тұлғалар ескерткіштерінің аумағын тазартты

Шымкент жастары ұлы тұлғалар ескерткіштерінің аумағын тазартты

16.10.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.