AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкент: Жастарға буллинг пен киберқауіптің зардабы түсіндірілді

06.10.2026
Санаты: Аймақ
Шымкент: Жастарға буллинг пен киберқауіптің зардабы түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Авимед» көпсалалы колледжінде «Буллингтің алдын алу және оның зардаптары» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың буллинг туралы түсінігін кеңейту, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден сақтану мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушыларға буллинг ұғымы, оның негізгі түрлері мен адамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Мамандар қатарластарын кемсіту, қорқыту, мазақ ету, әдейі шеттету сияқты әрекеттердің адамның психологиялық жағдайына, өзіне деген сенімділігіне және айналасындағылармен қарым-қатынасына кері ықпал етуі мүмкін екенін түсіндірді. Мұндай жағдайларға бейжай қарамай, мәселені дер кезінде анықтап, тиісті мамандардан көмек сұраудың маңызына назар аударылды.

Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды. Жастарға киберқылмыс пен интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, желіде жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз адамдарға құпия ақпарат бермеу қажеттігі айтылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде сақтық таныту, күмәнді хабарламаларға сенбеу және жеке мәліметтерді жариялауға жауапкершілікпен қарау жөнінде түсінік берілді.

Тақырыпты кеңінен ашып, ақпаратты көрнекі түрде жеткізу мақсатында қатысушыларға арнайы бейнеролик көрсетілді. Оның мазмұны арқылы жастар буллингтің түрлі көріністері мен интернеттегі қауіп-қатерлер туралы қосымша мағлұмат алды. Кездесу жастардың өзара сыйластықты сақтауы, өзгелердің жеке шекарасын құрметтеуі және қиын жағдайға тап болған адамға қолдау көрсетуі қажеттігін түсіндіруге бағытталды.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы және Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Бахытжан Тұрсынбаевич Бекбаев қатысты. Мамандар жастарға психологиялық қауіпсіздік пен цифрлық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты ақпарат ұсынды.

Осындай кездесулер жас буынның құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, буллингке қарсы көзқарас қалыптастыруға және қауіпсіз әлеуметтік орта құруға бағытталған. Буллингтің алдын алу – тек бір адамның немесе белгілі бір мекеменің міндеті емес, ол қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Ілмек: БуллингЖастарШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкентте жастарға мамандық таңдаудың маңызы түсіндірілді

Шымкентте жастарға мамандық таңдаудың маңызы түсіндірілді

Ұсынамыз

2030 жылға қарай еліміздегі жолаушылар вагондарының 90 пайызы жаңартылады

2030 жылға қарай еліміздегі жолаушылар вагондарының 90 пайызы жаңартылады

16.06.2026
Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Алатау қаласының инфрақұрылымын қаржыландыруды тапсырды

17.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.