AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
Табылмады
Барлығын көру
AI News
Табылмады
Барлығын көру

Шымкентте жастар мен жасөспірімдерге жол қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

26.08.2026
Санаты: Аймақ
Шымкентте жастар мен жасөспірімдерге жол қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

ADYM.KZ / Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жастар мен жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кезекті профилактикалық кездесу өтті.

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.

Кездесуге «Жас сақшы» және «Жас жол инспекторлары» қозғалысының белсенді қатысушылары қатысты. Полиция қызметкерлері жастарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, жеке жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жолдағы қауіпсіздіктің әрбір азаматтың тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екені атап өтілді. Әсіресе, жасөспірімдер арасында кеңінен қолданылып жүрген самокаттар мен мопедтерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Веложолдарда және жолдың басқа да бөліктерінде қозғалу тәртібі, қорғаныс құралдарын пайдалану, белгіленген ережелерді бұзудың ықтимал салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Кездесудің тәжірибелік әрі әсерлі бөліктерінің бірі – жол-көлік оқиғалары салдарынан зақымданған автокөліктер мен мопедтердің көрнекі түрде көрсетілуі болды. Бұл жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін елемеу мен жауапсыздықтың қандай ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін нақты ұғындыруға мүмкіндік берді.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек тәртіп сақшыларының ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы ретте «Жас сақшы» мен «Жас жол инспекторлары» қозғалысының қатысушылары өз қатарластары арасында қауіпсіздік талаптарын насихаттауда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Шара барысында қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау – тек әкімшілік талап емес, ең алдымен адам өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік екені түсіндірілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жол-көлік жағдайлары талқыланды.

Аталған бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

Ілмек: ЖастарЖол қауіпсіздігіШымкент
SummarizeБөлісу234

Оқи отырыңыз

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Шымкентте жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі бастамалары аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Шымкент қаласының заң консультанттары...

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Шымкент жастары газобетон өндіретін зауыттың жұмысымен танысты

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық Азия инновациялық университетінің бітіруші түлектері мен NEET санатындағы жастарға «Sauran Bricks» ЖШС-нің автоклавты газобетон өндіретін...

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Студенттерге интернеттегі діни ақпаратты ажырату жолдары түсіндірілді

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері арасында «Ғаламтор діни ұстаз емес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның...

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Шымкентте ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арт-терапия ұйымдастырылды

Автор: adym
16.10.2026
0

ADYM.KZ / Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін жастарға арналған «Өнер арқылы әлемді сезіну» тақырыбында арт-терапиялық іс-шара өтті. Іс-шараның...

Келесі
Шымкент жастарына Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы түсіндірілді

Шымкент жастарына Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы түсіндірілді

Ұсынамыз

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

Қазақстанның экологиялық дилеммасы: Ескі зауыттар мен жаңа талаптар

05.06.2026
90 ел қатысатын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигі жарық көрді

90 ел қатысатын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигі жарық көрді

26.06.2026

Көп оқылған

  • Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    Президент тапсырмасы аясында Баянауылда заманауи визит-орталық пайдалануға берілді

    594 бөлісу
    Бөлісу 238 Tweet 149
  • В Шымкенте началось строительство 50-километровой объездной дороги

    593 бөлісу
    Бөлісу 237 Tweet 148
  • АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

    590 бөлісу
    Бөлісу 236 Tweet 148
  • Қазақстан мен Қытай серіктестікті жаңа бағытта дамытпақ

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
  • Шымкентте экологиялық қауіпсіздік бойынша 9 айдың қорытындысы шығарылды

    588 бөлісу
    Бөлісу 235 Tweet 147
Adym.kz

Adym.kz — еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтарды жедел әрі шынайы тарататын ақпараттық-сараптамалық платформа.

  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Жарнама

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
Табылмады
Барлығын көру
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Сараптама
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика

© 2026 Adym.kz - Ақпараттық сайты.