#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҮКІМЕТТЕ ШЫМКЕНТТІҢ «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫ» ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

«Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент, Ақтөбе қалаларының «ақылды қала» жобасын іске асыру мәселелері қаралды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер министрлігінің сайтына  сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласында «Smart city» жобасы бес бағыт бойынша іске асырылып жатқанын айтты, олар: білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, көлік және қауіпсіздік.
Қалада 459 балабақша үшін балаларды қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшаларға кезегі 2,5 есеге азайған. Балабақшаға алу бойынша шағымдар саны 80 пайыздан төмендеген. «Адами» фактор мен 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылған.
Сонымен қатар, Ғ. Әбдірахымовтың айтуынша, бірінші сыныпқа қабылдау автоматтандырылған. Енді ата-аналар мектептің рейтингімен, педагогикалық құрамымен, оқыту тілімен және басқа да ақпаратпен электронды форматта таныса алады. Бұл жүйе Шымкенттің барлық мектептерінде енгізілген. Сонымен қоса, барлық 128 мектепте электронды журнал және күнделік жүйелері енгізілген. Мобильді қосымшаны енгізу мектеп, ата-аналар мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтып, сонымен қатар оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа келуін бақылауға алуға мүмкіндік берді.
Бұдан өзге, Шымкентте педагогикалық құрамды іріктеудің «T-hunter» автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Егер бұрын үміткерлер бос жұмыс орындары туралы әрбір мектепке барып білген болса, қазір бұл ақпаратты онлайн-режимде алуға болады. Сонымен қатар ашық байқауға қатысу үшін электронды форматта өтінім беру мүмкіндігі пайда болды.
«Нәтижесінде шағымдар 90% азайды, педагогикалық құрам сапасы артты. Ең бастысы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды», — деді Шымкент қаласының әкімі.
Әбдірахымовтың баяндамасын тыңдаған соң Премьер-Министр Шымкент Астана және Алматымен қатар, басқа облыстардың қалаларымен және аудандарымен цифрлық коммуникация әдістерін меңгеру тәжірибесімен бөлісе алады деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар