#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ТӘШЕНОВТЫҢ АРБАТЫ АШЫЛДЫ

"Шымкентте  тұрғындар отбасымен бірге демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді", деп хабарлайды Adym.kz  ақпарат агенттігі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымшаһардың Бекет батыр көшесінде орын тепкен жаңа демалыс аймағының  ашылу рәсіміне өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.  
Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі: 
— Бүгін Халықаралық отбасы күні. Осындай күні отбасылық демалыс орны — Шымкенттің алғашқы Арбатын халықтың игілігіне беріп отырмыз. 1 шақырымға дейін созылған Арбат құрылысын екі айдың ішінде аяқтаған қала әкімдігінің жауапты басшыларына алғысымды білдіремін. Енді бұл жер қаламыздың ең тартымды демалыс орны болады деп ойлаймын. Мұндай игі қадам қала тұрғындарының және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда әсері мол екенін айрықша атап өткім келеді. Мұндай демалыс орны алдағы уақытта қаладағы А.Асқаров пен Бейбітшілік көшесін де орын теппек. Жыл соңына дейін жаңарып, жанданатын ол нысандарды да бірге тамашалайтын боламыз.                                                                                               
Аталған Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Мұнда жаңа шамдар ілініп, орындықтар қойылған. Ыңғайлы демалыс аймағында тіпті велосипед жолағы да қарастырылған. Мұндағы 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 2000 шаршы метр жерді аяқ жолдар алып жатыр. Мұнан бөлек, ол жерге 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілді. Түнгі арбатты жарық етуге 76 көше шамдары мен 45 кіші торшерлер қойылды.                                   
Қазіргі таңда мамандар арбаттың ерекше келбетін аша түсетін арканы құру жұмысын аяқтауда.  Жуық арада Бекет батыр көшесінің бұл бөлігі нағыз шығармашылық адамдарының орталығына айналмақ. Себебі бұл аумаққа Суретшілер үйін салу жоспарлануда.Жаңадан ашылған Арбаттың кіре беріс тұсында Кеңестік кезеңде республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына, қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірген ұлтымыздың біртуар перзенті Жұмабек Тәшеновтың ескерткіші қойылған.
Атап айтар болсақ, Тәшенов басшылық қызметтегі кезінде Маңғыстауды Түрікменстанға қосуға, Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шығып, жеріміздің тұтастығын сақтап қалған. 

Соңғы жаңалықтар