#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мемлекет қолдауымен кәсіптік оқу орталығын ашты

Adym.kz Шырайлы Шымкент шаһарында айналасын еңбекке баулып, табыс табуға ынталандыратын іскер азаматтар баршылық. Міне, сондай икемді азаматтың бірі дизайнер Жаннұр Лесбекова.  Бүгінде кәсіп иесі қыз-келіншектерге тігін тігудің қыр-сырын үйретуде.

Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін тігуді меңгерген Жаннұр жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өтіп, былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.

Жаннұр Лесбекова 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінде оқытушы болып қызмет еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда таныстары оған тігін тігуді үйретуін сұрап, сол арқылы бизнес-жоба қорғауға ниетті екенін айтқан. Жаңа бастаманы ол декреттік демалыста қолға алған.

– Сол кездегі шәкірттерім тігін бойынша грантқа өтініш беріп, комиссияда жобасын қорғады. Бүгінде өз кәсіптерін ашып, көлемді тапсырыстар алып отыр. Уақыт өте келе тігіншілікке бет бұрған қыз-келіншектердің саны артты. Аядай ғимарат тарлық етіп, тігін құрылғылары да жеткіліксіз болды. Мен де бизнес-жобамды ұсынып, көп балалы ана ретінде қайтарымсыз грантқа өтініш бердім. Комиссия бизнес-жобамды бірден мақұлдады. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғыларды, манекендер сатып алып, үлкен оқу орталығына айналдық, – дейді шебер.
Бүгінде кеңейтілген оқу орталығында келісімшарт негізінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Дизайн» факультетінің студенттері өндірістік пәндер бойынша сабақ беруде. Болашақ мамандар конструкциялау, модельдеу бағыттарынан бөлек құрақ құрау, кесте тігу секілді ұлттық қолөнер түрлерін де үйретуде.

Соңғы жаңалықтар