#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 1 млн-нан астам азаматтың жәрдемақы мөлшері өсті

«Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 6,4-тен 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Бұл орташа есеппен 92,2 мыңнан астам марапатталған аналарға әсер етті.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5% — ға ұлғайды. Сонымен қатар, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеп, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты. Осылайша, жәрдемақылар мен төлемдердің артуы 1 млн-нан астам азаматты қамтыды.

Мәселен, «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 6,4-тен 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Бұл орташа есеппен 92,2 мыңнан астам марапатталған аналарға әсер етті.

Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері 1,4-тен 1,61-ге ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін (2023 жылы 65 313 теңге) немесе 14,5% — ға арттырылды. Жыл басынан бері жоғарыда аталған жәрдемақыларды орта есеппен 59 млрд 373 млн теңгеге 143 мыңнан астам адам алды.

Бұдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5% — ға ұлғайды:

— мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша ақы алушыларды қоспағанда, жасы бойынша зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

— Байқоңыр қаласында тұратын және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

— саяси қуғын-сүргін құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға;

— Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орта есеппен жоғарыда аталған арнаулы әлеуметтік жәрдемақы түрлерін 2 млрд 581 млн теңге сомасына шамамен 107,2 мың адам алды.

ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14,5% — ға артты, бұл олардың жылдық мәнде 23% — ға өсуін қамтамасыз етті.

Мысалы, бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бар адам өткен жылы 71 787 теңге көлемінде жәрдемақы алса, биыл 1 шілдеден бастап 89 248 теңге алады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орта есеппен жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 291 млрд 317 млн теңге сомасына 727,8 мың адам алды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 14,5% — ға арттыру жүргізілді.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және табысты ауыстыру өтілі.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, олардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің шешімі бойынша 8,5% — ға арттырылды.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдерді арттырумен барлығы 133,1 мың адам қамтылды.

Соңғы жаңалықтар