#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Шардаралық тұрғын грант алып, жылыжай кәсібін дөңгелетіп отыр

Шардара ауданы, Ұзын ата ауылының тұрғыны Ерболат Жәдігеров мемлекеттік қолдау аясында жылыжай ісін жүргізуде, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

30 жастағы азамат қызанақ пен қияр өсіріп, ауыл дүкендерін көкөністермен қамтып отыр. 3 топтағы мүгедек болғанына қарамай кәсіптің көзін тауып, табысын арттыруда.
Ол биыл наурыз айында «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грантқа қатысу үшін электронды түрде өтініш жолдайды. Комиссия отырысында «Жылыжай өнімдерін өндіру» бойынша бизнес-жоспарын қорғаған. Нәтижесінде оң қорытынды беріліп, есеп-шотына түскен қаржыға кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады.
Қысқа уақыттың ішінде Ерболат Қонысбекұлы жылыжайдың ісін жолға қойып, отбасылық кәсіп ретінде дамытуда. 3 топтағы мүгедек жұбайын да жұмыспен қамтып, ауылдастарына үлгі болып келеді. Еңбекқор ата-ана бір қыз тәрибелеуде.

Шардаралықтар қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсібін өркендетіп отыр

Түркістан облысы, Шардара ауданының тағы екі тұрғыны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсібін өркендетіп отыр. Олар цех өндірісін дамытып, массаж кабинетін ашқан.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрақты жұмыстарын тауып отыр. Мәселен, Шардара қаласының тұрғыны Серік Тоқмырзаев 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алған. Ол бүгінгі таңда пластик терезе мен есік шығаратын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс көбейген. Әзірге барлық жұмысты өзі атқарып жүрген тұрғын цех аумағын ұлғайтып, өзге жерлестерін жұмыспен қамтуды жоспарлауда.

Мемлекеттен грант алған тағы бір шардаралық тұрғын Ұлназық Мысқалбай қажетті жабдықтарын алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінде ол күніне 7-8 адамға ем-дом жасап, айына орта есеппен 200 мың теңге табыс тауып келеді.

Бұдан өзге, ауданның арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға 195,4 млн теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда ауданда 598 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 600-ге жуық жанұя азық-түлікпен және гигиеналық заттармен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар