#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Мемлекеттік әлеуметтік грант алған тұрғындар кәсіп ашып, табысын арттыруда

Ордабасы ауданында да «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік саласының дамуына тікелей ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында түрлі бағдарламаларды іске асыруда. Оның айғағы – бірнеше бағдарламаның қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жарауы.
Ордабасы ауданында да «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік саласының дамуына тікелей ықпал етіп отыр, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Темірлан ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Салтанат Кегенбаева жеке кәсіпкерлік ісін бастап, табысын арттыруда. Ол 2023 жылдың басында «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Сәуір айында кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік грантқа өтініш білдіреді.
«Массаж кабинеті» бизнес-жоспарын комиссия отырысында қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болған. Гранттан бөлінген қаражатқа массаж кабинетіне қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, өз кәсібін бастайды.
Қазіргі таңда Салтанат кәсібін кеңейтуде. Келген тұтынушылар денсаулықты нығайту мақсатында массаж қызметтерін пайдаланып, жағымды әсер алып жатқанын айтуда.
Ордабасыда тігін шеберханасын ашқан азамат мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасымен 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш бағдарламаға қатысып өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың бірі — ордабасылық Мейрамбек Тұрымбет. Ол 2006 тігін шеберханасын ашып, 2009 жылы 3 млн. теңге несие алып, тігін машиналарын жаңартқан. «Жұмыспен қамту» бөлімінен 3 айлық тігін курсынан өткен 5 қызды алып отырмыз. Қыздар оқып-үйреніп келді, қазір жақсы тігіп жатыр. Өзім пішуші болып жұмыс істеймін. Осы қыздарға қырқып беремін, ары қарай өздері алып кетеді. Біз кешкі көйлектер, ұлттық киімдер, мектеп формаларын, мұғалімдер формасын тігеміз. Жалпы жағдайымыз жақсы», — дейді ол. Бүгінде «Мейрамбек» тігін цехтің өнімдеріне деген сұранысы жоғары. Ондағы жұмысшыларға бүгінде 50 мың теңге жалақы төленіп отыр. Ұсыныстар келіп түсіп жатса жалақыны да көтеруді жоспарлап отыр. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 194,036 млн теңге бөлініп, 4181 адамды қамтуды жоспарлаған. 6 айдың қорытындысы бойынша 3898 адам бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар