#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Оңтүстік тұрғындары солтүстікке қоныс аударуда

Түлкібас ауданында Павлодар облысының жұмыспен қамту саласына жауапты басшылары мен әкімдік өкілдері «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халқы тығыз орналасқан оңтүстік халқын солтүстікке көшіруді насихаттау бағытында аудан тұрғындарымен Састөбе кентінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Кездесу барысында еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында, қабылдау өңірі Павлодар облысындағы өңірлік квотаның орындалуы, бос орындар жәрмеңкелерімен таныстыру, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесуге аудан тұрғындары тарапынан көпбалалы отбасы мүшелері, жастар, алқалы билері қатысты.
Егер қоныс аудару бойынша сұрақтарыңыз болса көрсетілген нөмірлерге хабарласуға кеңес береміз.
«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы
Омарбаев Марат Нургалиевич; тел: 8-705-571-32-24;
Павлодар қаласы «Мансап орталығы» филиалының директоры
Ұнатулы Аманбек; тел: 8-777-933-95-75;
Баянауыл аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры
Сағынтаев Таңат Кайратулы; тел: 8-777-081-84-55;
Успен ауданы Лозовое ауылдық округінің әкімі
Баймульдинов Болат Қабылдаұлы;
Успен аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры
Қайыргельдинов Серік Мақатайұлы; тел: 8-705-153-05-09;
«Тереңкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы
Муханов Азамат Ануарбекұлы; тел: 8-777-461-38-08
Айта кетерлігі, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен (ИИДМ, АШМ,  ЭГТРМ, Еңбекмині) бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.

Ұлттық жобаның мақсаты халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру болып табылады.

Ұлттық жобаны іске асыру  екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу; Көліктік байланыстылықты қамтамасыз ету. Базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу деген бірінші бағыт бойынша екі міндетті шешу көзделеді: — Инфрақұрылымды кешенді дамыту; «Жайлы тұрғын үй».

Инфрақұрылымды кешенді дамыту 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды, 46 топтық су құбырын реконструкциялауды, 785 км нөсер кәрізі мен арық жүйесі желілерін жаңғыртуды; коммуналдық сектордың 7,7 мың км желісін жаңғырту мен реконструкциялауды;     1163 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу бойынша бюджеттік кредит беруді болжамдайды.

Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 16 мың км салу және реконструкциялау), қалаларда сарқынды суларды 100% тазартуға қол жеткізілетін болады, инженерлік желілердің тозуы (жылумен, сумен жабдықтау, су бұру) 55% — дан 47% — ға дейін қысқарады.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл ішінде 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың км кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік объектілер салынып, жөнделеді.

Бұл тірек ауылдардағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 100% — ға дейін жеткізуге; 3,5 мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымын жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

«Жайлы тұрғын үй» екінші міндеті шеңберінде нысаналы топ үшін 185,1 мың адамның жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін шығыстарды субсидиялау, 102,3 мың әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысы (сатып алу), жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салу (сатып алу) сияқты қолдау шаралары іске асырылатын болады, сондай-ақ өз жұмыскерлері үшін ауылдық жерлерде үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын (2,9 мың үй) жабу көзделеді.

Сапалы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігі 103 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру және азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін 235 мың жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету есебінен арттырылатын болады.

Ұлттық жобаның екінші бағыты көліктік байланыстылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыт 2 міндетті қамтиды: — ішкі көлік желісін дамыту; — аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру.

Ішкі көлік желісін дамыту республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолды және 27 мың шақырым жергілікті жолды салу мен реконструкциялау есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100% – ға дейін және жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 95% — ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, автожолдарды Ұлттық стандартқа сәйкес 2,3 мың жол бойындағы сервис объектілерімен қамтамасыз ету көзделеді. Аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру үшін бірқатар ірі жобалар іске асырылатын болады.

Әңгіме екінші жолдарды салу және «Достық–Мойынты» учаскесін электрлендіру туралы болып отыр, бұл Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін 5 есе, ал «Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісін салу Сарыағаш станциясының өткізу қабілетін 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жоғары жылдамдықты «Түркістан – Шымкент–Ташкент» магистралінің құрылысы бүкіл макроөңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын едәуір арттырады. Сондай-ақ Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы жүктерді тасымалдау мерзімін 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Ақтау портында контейнерлік хаб құру, 34 өткізу пунктін (жұмыс істеп тұрған 51 пункттен) және 5 әуежайды жаңғырту, жергілікті әуе желілерінің 8 әуеайлағын қалпына келтіру бойынша шаралар көзделеді.

«Аумақтардың сыртқы байланыстылығын арттыру» екінші міндетін іске асыру транзит көлемін 30 млн.тоннаға дейін (22,7 млн. тоннадан), оның ішінде контейнерлерді 2 млн. тоннаға дейін (876 мың тоннадан) ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Транскаспий бағытындағы контейнер ағынының 100 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) дейін ұлғаюы күтілуде.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде базалық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейту (қалаларда 100% сумен жабдықтау, 100% кәріз); өңірлік стандарттарға сәйкес даму әлеуеті бар 3,5 мың ауылда (ауыл тұрғындарының 90%) инфрақұрылымды жаңғырту есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы алшақтықты қысқарту күтілуде.

103 млн.шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру есебінен 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту күтілуде. Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде шамамен 500 мың жұмыс орны (15,7 мың тұрақты, 475,4 мың уақытша) құрылады. Сондай-ақ өңірлер арасында және өңірлер ішінде ішкі инфрақұрылымдық байланыстылықты нығайту жаһандық рейтингте Қазақстанның мынадай позицияларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: — «Инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша ДЭФ бәсекеге қабілеттілігі бойынша 62-ден 49-ға дейін; — «Логистика тиімділігі» (LPI) көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 71-ден 50-ге дейін. Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн теңге, жергілікті бюджеттерде — 786 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат 2,8 трлн теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу (сумен жабдықтау, су бұру, жолдар, газбен, сумен, электрмен, жылумен жабдықтау) және тұрғын үй мәселелерін шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты.

Соңғы жаңалықтар