#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 12 мыңға жуық адам қоныс аударған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков айтты, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

– «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облысымыздан 2015-2022 жылдар аралығында 11 784 адам қоныс аударған. Бұл дегеніміз 3 080 отбасы. 2023 жылға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Республика бойынша 6 727 квота бөліп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облысты белгіленген. Олар: Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары, — деді Жаңабай Молдабайұлы.
Бірнеше жылдан бері осы игі істің жандануына атсалысып жүрген халық қалаулысы Жаңабай Ағабеков бұл жолы да өңір тұрғындарының теріскейдегі тіршілікпен танысып қайтуына жағдай жасап, қолдау көрсетіп отыр.
– Павлодарға қоныс аударуға ниетті адамдар саны күннен-күнге артып келеді. Бағдарлама қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбасты азаматтарға бір рет 70 АЕК мөлшерінде, яғни 241 500 теңге көмек беріледі. Көшіп келгендерге үй салатын не сатып алатын болса 4 млн теңге сертификат беру қарастырылған. Пәтер жалдау ақысын төлеуге қолдау көрсетіледі. Біздің өңірде дәрігер, көлік жүргізушісі, зоотехник, ветеринар, мұғалім мамандықтарына сұраныс жоғары. Павлодарға көшуге ниетті азаматтар, ең бірінші кезекте құжаттары толық болуын ескеруі тиіс, — деді Павлодар облысының Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, бөлінген квота негізінде биылғы жылдың сегіз айында Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 238 отбасы, яғни 885 адам қоныс аударған. Атап айтқанда, Павлодар облысына 98 отбасы — 335 адам, Солтүстік Қазақстан облысына 77 отбасы — 319 адам, Абай облысына 5 отбасы — 12 адам, Ұлытау облысына 1 отбасы — 8 адам, Шығыс Қазақстан облысына 25 отбасы — 87 адам, Қостанай облысына 32 отбасы — 124 адам қоныс аударды.

Соңғы жаңалықтар