#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Теріскейге көшкен төлебилік азамат 6 жылда бірнеше кәсіп түрін ашқан

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп барған, деп хабарлайды Адым кз ақпараттық сайты.

Суық жер деп жатсынбай бара салып еңбекке кіріскен. Әуелі ауылға қажетті кәсіп түрлерінен бастаған. Мемлекеттік грант есебінде төмен пайызбен несие алып, ауылда шаштараз ашып, бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтыған. Кейін самса пісіріп, сататын орын дайындайды. Қос кәсіптен жақсы пайда тапқан кәсіпкер ауыл аймағында дәмхана мен көлік жуу бекетін ашқан. Осылайға ол бүгінде 10-нан астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта көлік жөндеу орталығын ашпақ ниетте.
Нұрсұлтан Қаппаров бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Қаппаровтар отбасы биыл оңтүстіктен тағы 10 отбасының көшіп келуіне себепші болған. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Шарбақты ауылына күнгей өңірден тағы 10 отбасы келмек.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындарға төленетін біржолғы жәрдемақы 35-тен 70 АЕК-ке дейін көтеріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді.Министр Солтүстік Қазақстан облысында 2021-2025 жылдар аралығында атқарылатын демографиялық дисбаланс пен кері көші-қон сальдосын азайтуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.Айтуынша, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың жәрдемақысы екі есеге өседі.

«Қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға, жаңа жерге бейімдеуге жағдай жасау үшін көшуге берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 35 АЕК-тен (102 095 теңгеден) 70 АЕК-ке (204 190 теңгеге) дейін көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Шәпкенов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында қоныс аударушылардың еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, оқыту шығындарын өтеуге қатысты шаралар қабылданады. Үкіметте таныстырылған презентацияға сәйкес, қоныс аударушылардың жалақысының 35 процентін бір жылға дейін субсидиялау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу, қоныс аударуға өтінім беру және қабылданған шешімдермен танысу электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асады. Жалпы, министрдің сөзінше, 2021-2025 жылдар аралығында өңірге 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіру, жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ке дейін азайту көзделіп отыр. Бүгін үкіметте Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары таныстырылды. Оны іске асырудың жалпы сомасы –  1,8 триллион теңге.

Соңғы жаңалықтар