Жалпы, облыс халқының 713 мыңнан астам азаматы (33,4%) әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылуда. Басқарманың көші-қон мәселесі жөнінде атқарылған жұмыстар бойынша айтатын болсақ:
Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар туралы 2023 жылдың 1 қарашасына облысқа 735 отбасы, 1 073 этникалық қазақ қоныс аударып, қандас мәртебесі берілді. Оның ішінде: Өзбекстаннан – 1 036 адам (96,55%); Ауғанстаннан – 11 адам (1,03%); Тәжікстаннан – 8 адам (0,74%); басқа мемлекеттерден – 18 адам (1,68%) келді.
ҚР Премьер министрінің орынбасары — Еңбек ж/е халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жыл 31 шілдедегі №327 бұйрығымен «Қандас мәртебесін» мынандай шарттарға сәйкес беріледі: 1. ҚР Үкіметі айқындаған Солтүстік өңірлерге қоныстандыру үшін; 2. демографиялық дамуға қажеттілігі бар агломерация аумақтарында қоныстандыру; 3. ҚР азаматтары болып табылатын отбасы және жақын туыстарымен қауышу үшін; 4. Жұмыс берушілердің шақыруымен жұмысқа орналасу үшін.
2023 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енген ережеге сәйкес облысқа 211-қандас отбасы біріктіру мақсатымен қоныстанды. Қалған 862 қандас 1 тамызына дейін жалпы ережеге сәйкес мәртебе алғандар.
Қоныс аударған этникалық қазақтардың басым көпшілігі негізінен Сарыағаш ауданына 34,0% (365 адам), Қазығұрт ауданына 14,7% (157 адам), Ордабасы ауданына 14,7% (158 адам), Келес ауданына 8,9% (96 адам), Сайрам ауданына 5,7% (61 адам), Түлкібас ауданына 5,2 % (56 адам), Түркістан қаласына 2,0 % (21 адам.), Арыс қаласына 0,2% (2 адам), Байдібек ауданына 0,2% (2 адам), Кентау қаласына 0,7% (8 адам), Мақтарал ауданына 4,1 % (44 адам), Жетысай ауданына 4,6% (49 адам), Төлеби ауданына 3,0% (32 адам), Шардара ауданына 2,0% (22 адам) қоныстанды.
Этникалық қоныс аударушылардың 677 адамы немесе 63% еңбекке жарамды. Оның ішінде: -жалдамалы жұмысшылар 16 адам,
-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 508 адам,
-жұмыссыздар немесе жұмыс іздеушілер 80 адам
-басқа да санаттар 73 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар, еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 54 адамы (8,1%) білімі жоғары, 289 адамы (42,8%) орта кәсіптік білім алғандар, 321 адамы (47,5%) жалпы орта білім алғандар, 11 адамы (1,6%) орта білімі жоқ қандастар болып табылады//.
Шетел жұмыс күшін тарту туралы Түркістан облысы бойынша 2023 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға 170 бірлік квота бекітілді, бөлінген квота негізінде 2023 жылдың 1 қарашасына 23 кәсіпорындар мен ұйымдарға 123 (оның ішінде I санат-4 адам, II санат-32 адам, III санат–64 адам, IV санат-22 адам, маусымдық жұмыскерлер-0, корпоративішілік ауысу-1) шетел азаматтарына рұқсат берілді.
Босқын мәртебесін беру туралы Облысымызда 5 шетел азаматына (4 отбасы) пана іздеуші куәлігі және 8 шетел азаматына (3 отбасы) босқын куәлігі берілді (Украина, Ауғаныстан Ислам Республикасының азаматтары).
//Анықтама үшін: ҚР 30.12.2021 жылғы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 95-VII Заңына сәйкес, 2022 жылдың 16 мамырынан бастап еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту және босқын мәртебесін беру функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілді//.
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту туралы Еңбек министрінің бұйрығына сәйкес, Түркістан облысына 2023 жылға 27 000 квота белгіленді, белгіленген квота негізінде жыл басынан облыс бойынша 26 988 (99,9 % құрады) рұқсаттар берілді.
Солтүстік өңірлеріне қоныс аудару туралы 2015 жылдан бері жұмыс күші азайған Солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан Оңтүстік аймақтарынан халықты көшіру жұмыстары жүргізілуде. Облысымыздан 2015-2022 жылдар аралығында 12 мыңға жуық адам (11 744) немесе 3 080 отбасы қоныс аударған.
2023 жылға ҚР Еңбек министрлігі Республика бойынша 6 727 квота бөліп, бөлінген квота негізінде, ағымдағы жылдың тоғыз айында Түркістан облысынан 340 отбасы, 1 426 адам қоныс аударды. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10 айдың қорытындысы бойынша республикаға бөлінген квотаның үлесі 21,2% немесе республика бойынша қоныс аударғандардың (4 820 адам) 30%-ы біздің облыс тұрғындары.
//Анықтама үшін: — Павлодар облысына 126 отбасы (626 адам); Солтүстік Қазақстан облысына 139 отбасы (548 адам); Абай облысына 5 отбасы (12 адам); Ұлытау облысына 2 отбасы (14 адам); Шығыс Қазақстан облысына 28 отбасы (94 адам); Қостанай облысына 40 отбасы (132 адам) қоныс аударды//.
Қоныс аударғандарға көрсетілген әлеуметтік қолдаулар туралы Қоныс аударғандардың — 576 адамы немесе 40,4%-ы жұмысқа қабілеттілер қатарынан. Ал қалғаны – 55,7%- камелетке толмаған жастар немесе студент, оқушылар 795 адам, 3,9-% зейнеткерлер бала күтіміндегілер және де басқа да санаттағылар (55 адам).
Еңбекке жарамды жастағылардың ішіндегі 80,5%-ы немесе 464 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 33 адам өз кәсібін ашқандар, 79 адам үй шаруасында. Олардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы солтүстік өңірлері жағынан барынша жасалуда: тұрғын үймен, жер мәселесі, бала бақша, мектеп, мемлекет тарапынан берілетін қаржылармен қамтамасыз етілді.