#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тұрғындарға әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҮЕҰ өкілдерімен, өңір халқымен, әлеуметтік мекемелер ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Ол азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту туралы хабарлады.

«Бірлік» ҚБ-да өткен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және мүгедектігі бар адамдармен кездесу барысында вице-министр Әлеуметтік кодексті іске асыру кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып, жаңа әлеуметтік саясат Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті.

 «Бұл өзгерістердің негізі 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодексте көрініс тапты. Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертуді көздейді: яғни ол әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталатын болады. Екіншіден, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету және соның арқасында әлеуметтік қолдауды алудың бүгінгі өтініш беру нысанынан, адресті анықтау нысанына және оны проактивті форматта көрсету жүйесіне көшу қарастырылған. Үшіншіден, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге және азаматтың өзіне де жүктелетін болады. Бұл жаңа әлеуметтік контракт негізінде іске асырылатын болады. Төртіншіден, нәтижелі және формальды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған сақтандыру жүйесін дамыту көзделген», – деді Назгүл Сағындықова.

Вице-министр Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделгенін атап өтті: бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған натуралды пакетті монетизациялау; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған әйелдерге наградталған ана мәртебесін беру және 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту; әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың мөлшерін көбейту.

Назгүл Сағыидықова әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялауға баса назар аударды, оның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

«Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделеді. Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жеке көмекші ретінде ресімделіп, оларға тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен қамтамасыз етіледі.

Тағы да өзгерістердің бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастыру. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін – шектеулі бағалар түрінде  жіктелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге   жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфраструктурасын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

Сонымен қатар Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру жоспарлануда. Олар: мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін  әлеуметтік қызмет порталы  арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау; өнім берушіге немесе қызмет көрсетушіге берілген тауар мен көрсетілген қызметтің сапасын жөндеу жөнінде мерзімі көрсетілген хат жолдау және оның орындалуын бақылау құзіреті; өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынан алып тастау және  оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу туралы шешім қабылдай алатын болады.

Сөз барысында Назгүл Сағындықова қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырып, ол халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетінін хабардар етті.

«Оның негізі сақталып, тек мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлемдерді төлеуге ғана емес, ең алдымен ресми жұмыспен қамтылған азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру үшін заңды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады», – деп хабарлады вице-министр.

Бұл ретте өзгерістердің басты тренді – жүйеге мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуы; жүйеге қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің арасындағы байланысты күшейту; әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайту болмақ.

Әлеуметтік кодексте көзделген зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге тоқталған вице-министр алдағы 5 жылда қолданыстағы зейнеткерлердің базалық зейнетақысы өсетінін айтты. Сондай-ақ еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін немесе орташа жалақының 70%-ына дейін ұлғайтылады. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады.

Сөз соңында вице-министр Әлеуметтік кодексте көзделген новеллалар екі кезеңде іске асырылғанын атап өтті:

— биыл 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін дайындалған заңдар шеңберінде;

— осы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуі шеңберінде.

Жұмыс сапары барысында Назгүл Сағындықова азаматтарды жеке қабылдап, журналистердің сұрақтарына жауап берді, «VIAMEDIS» клиникалық-оңалту орталығына, Көкшетау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және сыйымдылығы шағын үйге барды, онда мекемелердің жұмысымен танысып, қызмет алушылармен кездесті. Сондай-ақ, вице-министр «Болашақ сарайында» болып, мүгедектігі бар балаларға арналған үйірмелердің жұмысымен танысады.

Соңғы жаңалықтар