#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағанды облысында 83 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысында 679 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 83 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 444 нысан бейімделді.

Қарағанды облысында 5 жыл ішінде (2021-2025 жж.) мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1659 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 679 нысанда бейімдеу іс-шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 83-і толық бейімделгені расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

— мемлекеттік мекемелер – 32 (барлық деңгейдегі әкімдіктер – 16, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдері – 16);

— денсаулық сақтау нысандары – 8 (емханалар – 5, ауруханалар – 3);

— білім беру нысандары – 14 (мектептер – 10, балабақшалар – 2, колледж – 1, оқушылар сарайы – 1);

— мәдениет нысандары – 13 (мәдениет үйлері – 5, мұражайлар – 2, театр – 1, мұрағат – 1, кітапхана – 4);

— спорт нысандары – 3 (спорт мектептері – 3);

— әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 54 (ҚТЖ ғимараты – 2, әуежай – 1, автовокзал – 2, медициналық-әлеуметтік мекемелер – 4, халыққа қызмет көрсету орталықтары – 3, пошта – 1);

150 нысан бейімделмеген. 446 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарының 1606 бұзушылығы анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 526, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 359, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 251, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 470.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 38 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 17 – жоспардан тыс тексерулер, 21 – профилактикалық бақылау шеңберінде болды.

Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 24 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 2,8 млн теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар