Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қайырымды істер қатары жалғасып жатыр.Бұл жолғы игі іске «Састөбе цемент-технолоджи» ЖШС мен Шерхан Мұртаза атындағы «Varf» қайырымдылық қоры мұрындық болды. Қасиетті жұма күні аталмыш кәсіпорын мен ұйым өкілдері Састөбе кентіне қарасты Макаренко атындағы мектеп-интернатының 83 тәрбиеленушісіне 1 млн. 700 мың теңге жұмсап, қыстық киім үлестірді.
Редакция таңдауы
Түркістан: Түлкібаста жомарт жандар интернат оқушыларына қыстық киім тарту етті
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қайырымды істер қатары жалғасып жатыр.
Айта кетерлігі осы уақытқа дейін зауыт басшылығы интернат тәрбиеленушілеріне қолқанат болып, мерекелерде сыйлықтармен қуантып, спорттық заттармен қамтамасыз етіп келген. Алдағы уақытта да аталған білім ордасын қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарларында бар.
Қайырымдылық іс-шарасына қатысқан ауыл ақсақалдары мен кент әкімі және мектеп директоры зауыт басшылығына алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.