#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтан мен Ташкент шекара маңы аумақтарында бірлескен өнеркәсіптік саясат жүргізуді жоспарлап отыр

Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы өз жұмысын аяқтады.

Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы өз жұмысын аяқтады. Форум барысында екі елдің өкілдері сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сауда келіссөздерін жүргізді және жақын болашақтағы өзара іс-қимылдың векторларын белгіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин екі елдің ынтымақтастығын тереңдетудің үлкен әлеуетін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстанның бизнес-қоғамдастығы тарапынан екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі екендігін тек форум барысында 611 млн. доллардан астам сомаға 54 келісім мен меморандум жасалды.
Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымының оң серпіні байқалуда. 5 жылда екіжақты сауда көлемі 2 есе өсіп, 2,9 млрд. АҚШ долларына жетті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 4 млрд. долларға жетеді деп күтілуде.
Қазақстан үкіметінің басшысы көршілес екі елдің өзара іс-қимылын нығайту қажеттігіне назар аударды. Ол «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын тезірек іске қосу жөніндегі жұмысты жеделдетуге шақырды. Оның айтуынша, ол жоба сауда көлемін арттырып қана қоймай, өңірдегі барлық елдердің өзара іс-қимылын нығайта түсетін драйверге айналады. Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов өзінің құттықтау сөзінде екі мемлекеттің алдағы бес жылда өзара сауданы 10 млрд. долларға дейін ұлғайтуға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Ол үшін екі елдің үкіметтері арнайы Жол картасын әзірлеуі қажет. Нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 5 млрд. долларға жетуі мүмкін деп есептейді.
Форумның пленарлық отырысы барысында қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін тереңдетуге бағытталған ұсыныстарды талқылады.
Осылайша, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов егемендіктің 30 жылы ішінде екі елдің мықты экономика қалыптастырып, өз әл-ауқатын көтеріп, әлемдік саяси аренада толыққанды ойыншылар ретінде орныққанын айтты.
– Орталық Азияның екі ірі экономикасы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және күшейту бүкіл өңір үшін өзара сауда мен экономикалық байланысты тереңдетуге ынталандыруы мүмкін, – деп мәлімдеді Б.Сұлтанов.
Сауда және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге екі елдің ресурсы қолданылады. Бұл үшін қазақстандық тарап шекара маңындағы аумақтарда бірлескен өнеркәсіптік саясатты дамытуды ұсынды.
– Бізде азық-түлік тауарларын (ұн тарту өнімдері, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, май өнімдері, ет өнімдері), жеміс-көкөніс өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарларын (киім, кілемдер және өзге де еден жабындары, төсек-орын және асханалық төсек-орын), құрылыс және химия өнеркәсібі тауарларын (полипропилен, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары) өндіру бойынша кластерлік кооперациялық жобалар құрудың зор әлеуеті бар, – деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының тұжырымдамасын келісу өнеркәсіптік кооперация және бірлескен экспорттық өнімді құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Түрлі бағалаулар бойынша екі ірі агломерацияның түйіскен шекара маңындағы аумақтардағы жаңа сауда-өнеркәсіптік және логистикалық алаңдар үшінші елдермен 2030 жылы транзиттік сауда көлемін $37,9 млрд. дейін арттыруды қамтамасыз етеді (2019 жылы бұл көрсеткіш $23 млрд. құрады). Жалпы, АДБ бағалауы бойынша, өңір ішіндегі сауда мен қолданыстағы дәліздер бойындағы транзиттік сауда 2025 жылы 35% — ға және 2030 жылы 65% — ға артады.
Сонымен бірге қазақстандық тарап қазақ-өзбек акселерациялық бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосқан өңірдегі алғашқы ел ретінде Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және өзара әріптестік қағидаты бойынша бағдарламаны кеңейтуге дайын. «Бұл орташа және шағын өндірушілер үшін өздерінің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін «мүмкіндіктер терезесін» ашады», – деп ұсынысқа түсініктеме берді қазақстандық тарап.
Форумда Қазақстан тарапының өкілдері екі ел мен жалпы өңірдің орнықты даму жоспарларын іске асыруды жеделдету үшін Орталық Азияны жекелеген елдер ретінде емес, жалпы өңір ретінде қарастырып, осы бағытта даму керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар