Қазақстанда Pfizer вакцинасын алғандар саны 41 584-ке жетті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Pfizer вакцинасын 41 584 адам салдырған. 24 қарашадағы жағдай бойынша, 31 532 жасөспірім, 3 390 жүкті әйел және 6 662 бала емізетін ана вакцина алған.
Айта кетейік, 2021 жылғы 24 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 661 498 адам, 2-компонентін 7 986 343 адам салдырған.