#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды

Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірқатар мемлекеттік орган басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қайталама құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР ҚПК-нің 200-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 33 ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, қылмыс жасалған ұйымдарда 24 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Қарамағындағы қызметкерлері лауазымдық қызмет бабын асыра пайдаланып пара алғаны үшін Ақтау қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары сөгіс түрінде, Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің бастығына қатаң сөгіс, орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту, Бейнеу аудандық Полиция бөлімі бастығына қатаң сөгіс және оның орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Айта кетейік, енді саяси қызметшілер өздерінің тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға беруге міндетті. Бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен не оның тікелей бағынысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға береді.

Соңғы жаңалықтар