#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Кентаудың мектептерінде заманауи спорт залдары салынып жатыр

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде заманауи үлгіде спорт залдарының құрылысы басталды.

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде заманауи үлгіде спорт залдарының құрылысы басталды. Бұл спорт нысандары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы.
А.Құнанбаев атындағы № 5 ші мектепке қаралған қаражат 201 млн. теңге болса, А.Пушкин атындағы №6 шы мектепке 199 млн. теңге қаралған.
Спорт залдың биіктігі – 8,5 метрді. Онда ұлдар мен қыздарға арналған жеке арнайы жуыну бөлмелері бар. Мұнда оқушылардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар спорт залдары жылумен толық қамтылады. Жоспар бойынша нысандар 2022 жылдың сәуір айында тапсырылады. Қазіргі уақытта әр құрылыс басында тиісті бригадалар жұмыс істеп жатыр.
60 жылдан аса тарихы бар білім беру мекемелерінің оқушылары мектеп ішіндегі стандартқа сай келмейтін залда дене шынықтырумен айналысқан. Енді ол күндер артта қалмақ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыл мектептеріне қолдау күшейіп, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалып жатыр. Кентауда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар