#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шекарашылар Каспийде браконьерлерге қарсы операция жүргізді

ҰҚК Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізі акваториясында браконьерлікті тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.

ҰҚК Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізі акваториясында браконьерлікті тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара нәтижесінде шекарашылар теңіз кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 246 түрлі құқықбұзушыны және 24 қайықты ұстады.

«Браконьерлік аулау құралдары — 179 шақырымнан аса тор және ілмек құралдары, бекіре тұқымдас балықтар — 533 дана (3 600 килограмм), бөлшек балықтар — 4 006 дана (5 400 килограмм), үш итбалық тәркіленді», — делінген хабарламада.

Ведомство шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден аса сомаға бағаланғанын хабарлады. Тәртіп бұзушыларға 2 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар