Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф Алжир мен Тунистегі елші болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz тілшісі сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.