#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жаңа кодекс шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған — Асанов

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Президентке сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге, тәртібін күшейтуге бағытталған. Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің балама тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі, биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар