Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы саласында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Бұл ақпаратты ведомство растады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Барлық қамауға алу дерегі ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыруға байланысты», — делінген хабарламада.