#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

М.Әйтенов: Бес жылда 101 мектеп салынады

«Ońtústik» телеарнасының эфирінде қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шыққан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының алдағы жоспарымен бөлісті.

«Ońtústik» телеарнасының эфирінде қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шыққан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім саласының алдағы жоспарымен бөлісті.
Биыл қалада 202 – орта білім беру ұйымдарында 242 525 оқушы білім алуда. Қазір 9 мектеп үш ауысымда оқытуда, 4 мектеп ыңғайластырылса, мектебі жоқ 11 елді мекен бар. Ал бала-бақшамен қамту 100 пайыз жүзеге асырылған.
Қала әкімі эфир барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылда 101 мектеп салынатынын айтты.
Жыл басында 32 мектептің құрылысы басталып, қазір оның 24-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 20 мектеп жекеменшік болса, 4 білім ұйымы бюджет есебінен салынған.
–Жүйелі жұмыстың нәтижесінде қалада апатты мектеп мәселесі толығымен жойылды. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, ыңғайластырылған мектептер саны 5-тен 4-ке кеміді, мектебі жоқ шағынаудандар 13-тен 11-ге, оқушы толымдылығы артқан мектептер саны 21-ден 17-ге азаятын болады. Жарқын болашақ үшін білім ошақтарын жоғары дәрежеде жабдықтау мен жағдай жасау басты міндетіміз, -деді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар