27 қазандағы жағдай бойынша, халық санағынан 18 111 266 адам немесе халықтың 95,2 пайызы өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген — 108,2 пайыз.
«1 тамыздағы жағдай бойынша, мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұратын болса, онлайн санақ пен интервьюерлер сауалнамасының аралық нәтижесі бойынша санақтан өткен респонденттер саны 2 170 715-ке жеткен», — деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.
Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (101,5 пайыз), Алматы (101,4 пайыз), Түркістан (100,7 пайыз) облыстарында және Шымкент қаласында (100,6 пайыз) байқалады.