«Талибан» қозғалысы өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыптады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Талибан» қозғалысы өкілі Забиулла Мужахид Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
About airspace of Afghanistanhttps://t.co/3SmnYkCpHN pic.twitter.com/huIue3NXD2
— Zabihullah (..ذبـــــیح الله م ) (@Zabehulah_M33) September 29, 2021
«Ауғанстан Ислам Әмірлігі — елдегі жалғыз заңды тұлға ретінде Ауғанстан жері мен әуе кеңістігін күзетуші. Біз жақында АҚШ-тың Ауғанстан Ислам Әмірлігі егемендігін, сондай-ақ, біздің әуе кеңістігімізге ұшақтарын жіберу арқылы халықаралық құқық нормаларын бұзғанын көрдік. Бұл жағдайды алдын алу керек», — деді «Талибан» өкілі.
Мужахид Вашингтонды Доха келісімін сақтауға шақырды. Оның айтуынша, болашақта ауған билігі ел аумағына басып кіру әрекетін тоқтатады.
«Біз барлық елді, әсіресе АҚШ-ты Ауғанстанға халықаралық құқықтар, заңдар мен міндеттемелер тұрғысынан және әртүрлі теріс салдардың алдын алу үшін өзара құрметпен қарауға шақырамыз», — делінген «Талибан» мәлімдемесінде.
Бұған дейін Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі халықаралық рейстерді қайта бастау туралы үндеу жариялап, авиакомпаниялармен келісіп, Кабул әуежайындағы мәселелер шешілгенін айтқан.