#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Израиль үкіметі ауысты

Израиль Үкіметін 12 жыл бойы басқарған Биньямин Нетаньяху қызметінен кетті.

Израиль Үкіметін 12 жыл бойы басқарған Биньямин Нетаньяху қызметінен кетті. Өткен сенбіде ел Парламенті оң қанаттың көшбасшысы Нафтали Беннет бастаған коалицияны мақұлдады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Беннет халыққа Ұлтшылдар партия­сының басшысы ретінде танылған. Бұл партия Израильдің 120 орыннан тұра­тын Кнессетінде 6 орынға ие. Беннеттің кан­ди­датурасын Парламент мүшелері түгел­дей қолдады. Ол 60-тан 59 дауыс жинаған.

Үкіметті қолына алған Беннет енді сол­шылдар альянсы, оңшылдар, центрис­термен қатар, Израильдегі Палестина өкіл­дерінен тұратын партияны да басқарады. Ал Израиль халқының 21 пайызы – па­лес­тиналықтар. Шындығына келсек, жоға­рыда аталған партиялар бұған дейінгі пре­мьер Нетаньяхудың жұмысына разы бол­маған-ды. Алайда жаңа басшыға қатысты әзірге пікір айтылған жоқ.

Ел заңнамасына байланысты жаңа пре­мьер-министр 2 жыл қызмет етеді. Одан кейін оның орнына центристер өкілі келмек. Бұл ретте жаңа үкіметтің архитекторы – Яир Лапид келеді деп күтілуде.

Жаңа құрам басып алған аймақтардағы палестиналықтарға қатысты мәселелерден гөрі елдегі реформаларға басымдық беруді жөн көреді. Палестина халқы болса, биліктің ауысқанына аса қуана қоймады. Олар бейбіт келісімнен үмітін үзген және Беннет те Нетаньяхудың саясатын жалғастырады деген ойда.

Үкіметті 12 жыл басқарған Нетаньяху жаңа құрамды таңдау кезінде үнсіз қалды. Тіпті жаңа құрамға дауыс беріліп, шешім қабылданғаннан кейін де орнын үнсіз босатты. Жаңа сайланған премьер-министрге қолын берумен ғана шектелді.

Жалпы, Биньямин Нетаньяху (су­ретте) бе­делді саясаткер ретінде таныл­­­­ған. 71 жасқа кел­се де қолдауы мық­­ты. Деген­мен, жем­қор­лыққа қатыс­ты қат­­­ты сынға ұшы­раған болатын. Үкі­мет бас­­шысы ретінде ол бұл айыпты мойын­дамады.

Парламенттегі ең ірі партияның бас­шысы ретінде жаңа Үкіметке қарсы сөй­леуі де күтілуде. Егер Парламенттегі бір фракция орнынан бас тартса, онда Не­та­ньяхудың қайтып келуіне мүмкіндік бар.

Оның қарсыластары Нетаньяхудың сая­саты ел үшін тиімсіз және қабылдаған ше­шім­дері тек билікте қалуын ғана қамта­масыз етуге бағытталған деп айыптайды.

Билікке келген Беннет діншіл, ұлтшыл ретінде танылған. Ол Парламентте елдің батысын жаулап алу, аннексияға қатысты ойын айтып, үлкен талқы тудырды. Сол кездің өзінде Нетаньяхудың жақтастары сөзін бөліп, ойын соңына дейін жеткізуге мүмкіндік бермеген. Ең соңында залды босатуға мәжбүр болған.

Премьер ретінде Беннет саяси рефор­маларды көздейді. Оның шешімдері үлкен маңызға ие болмақ. Өйткені ол АҚШ-тың Иранмен атом энергиясына қатысты келісімін сынға алды. Ал сынға алу деген Иран­ға химиялық қару қолда­нуға рұқсат бер­меу дегенді білдіреді. Жа­қында орын ал­ған Израиль мен Палестина қақтығы­сында АҚШ Израиль тарапын қолдаған-ды. Беннет бұл үшін Джо Бай­денге алғыс білдіріп үлгерді.

Нетаньяху Иранмен келісімге тосқауыл болмауға уәде берген-ді. Сарапшылар Бен­­нетке сыртқы саясатқа қарағанда, палес­ти­­налықтар мәселесін күн тәртібіне енгі­зуге кеңес береді.

Израиль демократия институтының пре­зи­денті Йоханан Плеснер үкіметтің жаңа құрамы тұрақтылықты қамтамасыз ете ала­ды деп сенеді. «Парламенттегі пар­тия­лар жеке-дара да жақсы жетістікке жете­тінін дәлелдеумен әлек. Сондықтан оппо­зи­цияның күш біріктірмеуі Беннеттің жақ­тау­шыларына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Жаңа кабинеттің алдында дипломатия, қауіпсіздік, қаржы мәселелерімен қатар, Иран, Газамен қарым-қатынас, Халық­аралық қылмыстық сот алдындағы жауап, коронавирус пандемиясынан кейінгі экономика мәселелері тұр.

 

Соңғы жаңалықтар