Жамбыл облысында бірнеше адам төбелесіп, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
9 маусымда сағат 21.20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз адамдар шаруа қожалығына келіп, ағасын атып өлтіргені туралы хабар түсірген.
Алайда ер адам жарақат алғанына қарамастан, көлігімен оларды қуып жетіп, екінші көлікті әдейі соққан. Салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы жарақат алды.
Атылған оқтан аяғы мен қолы жараланған қожалық иесі Меркі ауылының орталық ауруханасына жатқызылды.
Полицейлер төбелеске қатысқандардың бәрін ұстады, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталып жатыр.