#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жіберді

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісін шақыртып, наразылық нотасын білдірді.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісін шақыртып, наразылық нотасын білдірді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Наразылық нотасын білдіру себебі тәжік сарбаздары мен әскери техникасының қырғыз аумағына өтуі.

Қырғыз баспасөзінің хабаралуынша, көрші ел шекараға қатысты бұған дейін қол жеткізілген барлық келісім мен 1 мамырда қорғаныс министрліктерінің өткізген кездесуінінің хаттамаларын бұзған.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, бүгін түнде Тәжікстан тарапы Қырғызстанның 1 мың метр аумағына кіріп, контейнер қойған. Сондай-ақ шекара маңына әскері мен техникасын шоғырландыра бастаған. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Тәжікстан шекарашылары байланысқа шықпай отыр. Осы ретте ресми Бішкек көрші елден контейнерлерін алып тастап, әскері мен техникасын әкетуін талап етті.

 

Соңғы жаңалықтар