«Мына шөптің бір грамы Қытайда алтыннан да қымбат тұрады дейді. Нақты атын білмеймін. Біреулер Қозықұйрық, Сұңғыла, Қасқыржем деп айтып жатыр атын. Бақанастың маңында, құмды жерде өседі екен. Қазір соны жинауға жұмысшыларды жиып жатқан көрінеді. «Әр жұмысшының бір күндік еңбегіне 10-12 мың теңгеден төлегелі отырған көрінеді»,- деп жазды Сауле Алипова.
«Тамырымен қосып жұлып әкете беретін болса, қызыл мияны құртып тынғанымыз секілді бұдан да айырылып қалуымыз әбден мүмкін», деп жазды әлеуметтік желі белсендісі Жолымбет Мәкіш.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде өсетін қызыл мия өсімдігі де пайдакүнемдердің кесірінен шетелге саудаланып, тұқымы құруға шақ қалған болатын.