Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 803 адамның жағдайы ауыр,
• 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
6-мамырдағы жағдай бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 119 жағдайы тіркелді, 83 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, 5 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 101 жағдайы тіркелген болатын, ол кезде 6 адам қайтыс болды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: ауырғандар — 53 519, 829 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны — 52 183.