#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды?

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинация жүргізу барысы туралы айтты.

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинация жүргізу барысы туралы айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүріп жатыр. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Марат Шорановтың айтуынша, кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.

«Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат егілді, екінші компонентпен — 107 мыңнан астам қазақстандық егілді.

Сәуірдің басынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан аса дозасы жеткізілді, сәуірдің соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac» вакцинасы жеткізіледі, бұл елдің шамамен 2 миллион тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімдігін қамтамасыз етеді», — деді ол брифингте.

Соңғы жаңалықтар