Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұған дейін БАҚ-та жрияланған «Алакөл көлінің 60 гектарын» құрғату жоспары туралы ақпаратқа түсініктеме берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, таяуда облыстың экологтары дабыл қаққан еді. Олар көлдің 60 гектарын құрғату қоршаған ортаға қауіпті деп санаған.
«Олар онда бір қонақ үй салады дейді. Жабайылық, өйткені бұл ерекше көл. Бос жерлер көп бола тұра оның бетін құрғату ақымақтық. Үлкен шығындардан басқа, мұның бәрі қалай бағаланғаны және не үшін жасалып жатқаны белгісіз», — деген еді эколог Дәулет Асанов.
ШҚО әкімдігі шынымен де 2025 жылға дейінгі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алакөл көлінің жағалауын дамыту көзделіп отырғанын түсіндірді.
Осыған сәйкес жаңа даму аймағын қалыптастыру үшін 60 гектар жерді игеру (құрғату) жоспарланып отыр. Бірақ бұл жердің бір бөлігі батпақта жатыр.
«Жоспарланған учаскенің шекарасынан Алакөлге дейінгі қашықтық 200 метрден асады. Сондықтан көлдің 60 гектарын құрғату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — деді әкімдіктегілер.
21 наурыз, жексенбіде, облыстық әкімдікте жауапты органдармен кездесу және жобаны талқылауға эколог Асанов та қатысқан.
«Жоба мен бастапқыда ойлағаннан мүлдем өзгеше екеніне көз жеткіздім. Яғни жоба көлге қатысты емес. Біз жобалық материалдарды қарадық, жобалық шешімдерді көрдік, Су ресурстары комитеті қате ақпарат таратқан, яғни көлдің өзін емес, жағалауын құрғату туралы айтып отырмыз», — деді Асанов.