#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға тыйым салуды ұзартты

Еуроодақ қоғамдастыққа мүше елдерден арнайы рұқсат алмай, өз аумағынан жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға салған тыйымды маусым айының соңына дейін ұзартты.

Еуроодақ қоғамдастыққа мүше елдерден арнайы рұқсат алмай, өз аумағынан жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға салған тыйымды маусым айының соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды ADYM.KZ Еgemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Еурокомиссияның (ЕК) жиналысында айтылды. «Бүгін комиссия COVID-19 вакциналарын экспорттаудың ашықтығы мен авторизациялау механизмінің жұмысын маусымның соңына дейін ұзартты», делінген Еуропалық комиссияның хабарламасында. Белгілі болғандай, бұл шешім «ЕО-ға вакциналардың кейбір жеткізілімдеріндегі тұрақты кідірістерге» байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Еуроодақ елдерінде наурыз айының соңына дейін жеткізілуі ықтимал Pfizer/BioNTech компаниялары вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алуға мүмкіндігі болады.

Соңғы жаңалықтар