Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
8 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
238 адамның жағдайы ауыр;
60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.