Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«1 ақпаннан бастап осы уакыт аралығында 1-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда 916 медицина қызметкері вакцинациядан өтуі тиіс болған, оның 719-ы егу салдырды, қамту 78,5%-ды құрады. Бүгінгі күнде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 вакцинасы бар.
Бірінші кезеңде вакцинация 5 қалалық емханаларда жүргізіліп отыр. Алайда келешекте халықты жаппай вакцинациялау басталған сәтте, қала бойынша 36 ұйымда ем-шара бөлмелері ұйымдастырылатын болады», деді Тимур Мұратов.