Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткерлер:
Аветик Амирханян — БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов — Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева — Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
Юрий Ли — «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
Шамиль Осин — «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -«ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов — «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.
Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының өкілдері ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс бергенін атап өтті.
Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға — 270, Ілияс Буларовқа — 274, Наталья Деменьтевке — 292, Вакиль Набиевке — 285, Юрий Лиге — 282, Шамиль Осинге — 271, Владимир Тохтасуновқа — 277, Абилфас Хамедовке — 290 бюллетень берілген.