Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстандық БАҚ президенттікке үміткерлер мына адамдар екенін айтты:
Садыр Жапаров;
Қанатбек Исаев;
Мықтыбек Арыстанбек;
Клара Сооронқұлова;
Имамидин Ташов;
Әбділ Сегізбаев;
Адахан Мадумаров;
Аймен Қасенов;
Улукбек Кочкоров;
Женишбек Байгуттиев;
Эльдар Абакиров;
Курсан Асанов;
Арыстанбек Әбділдаев;
Равшан Жээнбеков;
Бақтыбек Калмаматов;
Бабыржан Төлбаев;
Қаныбек Иманалиев.
Еске салайық, 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өткен болатын. Онда билеуші партия жеңіске жетті, бірақ оппозиция бұған келіспеді. Елде жаппай наразылықтар басталды. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Осылайша Қырғызстан ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.
Бішкектегі тәртіпсіздіктер президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін тоқтады. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьері Садыр Жапаров болды. Ол бұған дейін 2012 жылы билікті күшпен басып алуға тырысқаны үшін сотталған және колонияда болған. Алайда наразылық білдірушілер оны босатып алды, ал Жоғарғы сот оқиғадан кейін оны ақтады.