Сарбаз Нұр-Сұлтанда кішкентай бес баланы өрттен құтқарды. Ол өрт шыққанын дүкенде тұрған кезде кездейсоқ білген. Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіндегілер елордалық батырдың оқиғасын айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық гвардия сарбазы, ефрейтор Темірлан Әмірғазин Нұр-Сұлтан дүкендерінің бірінде тұрған кезде төбеден сылақ түсіп, желдеткіштен қалың түтін шығып жатқанын байқаған.
«Ішке кіру үшін көшедегі баспалдақпен көтерілуге тура келді. Бірнеше жігітпен бірге жоғарыға көтеріліп, оның үш баласын және көрші пәтерлерден тағы екі баланы шығардық. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жалын шықпауы үшін жатақхана дәлізіндегі барлық терезені жауып, пәтердегі барлық техниканы өшіріп тастадым», — деді ефрейтор Темірлан Әмірғазин.