Алматыда автобус жол апатына ұшырап, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы, сондай-ақ, автобустағы екі жолаушы зардап шеккен, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2020 жылдың 19 желтоқсанында сағат 10.40 шамасында К есімді жүргізуші Lada Granta маркалы көлікпен келе жатып, Жүргенев көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп, Жангелдин көшесінің қиылысында 2.4 «Жол беріңдер» жол белгісін елемей, жол қиылысына шығып, оңтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобуспен соғысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі, оның үш жолаушысы, сондай-ақ, автобустың екі жолаушысы зардап шекті», — деді анықтау басқармасының басшысы полиция майоры Олжас Шәріпов.
Lada Granta жүргізушісінің мас күйде болғаны айтылады.