#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

Ақтөбелік өрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды, оның ішінде 25 бала бар, — деп хабарлайды ADYM.KZ  «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, барлығы тоқсан адам эвакуацияланған, оның ішінде отыз бала бар. Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай сәрсенбіде, 16 желтоқсанда болған. Астана ауданы, Батыс-2, 15 б үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенген. Өрт туралы хабар өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне шамамен сағат 16:18-де түсті.

«Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы дереу мекенжайға аттанды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, аумағы 50 шаршы метрлік пәтер жанып жатқан», — дейді департамент өкілдері.

Өрттің неден тұтанғаны хабарланған жоқ. Тілсіз жау 16:53-те сөндірілді.

«Зардап шеккен бір адам шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды, екіншісі облыстық ауруханада қаралып жатыр», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрмыстық жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керегін ескертті. Өрт шықса, дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар