#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза тапты

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 1 желтоқсанында сағат 01.34-те Сырдария ауданы «Қызылорда-Құмкөл» тасжолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада 1450 шаршы метр. аумақта өрт оқиғасы тіркелді. Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 160 шақырым.

«Жатақхананың жалпы аумағы — 2500 шаршы метр. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар